+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Биыл Жамбылда 65 медициналық нысан пайдалануға беріледі

2019 жылғы 22 қазан 13:38
Бөлісіңіз:
Биыл Жамбылда 65 медициналық нысан пайдалануға беріледі

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында биыл 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда IV халықаралық «Денсаулық сақтаудағы инновация - 2019» ғылыми форумы өтіп жатыр Маңғыстауда кей ауруханаларда өртелуге тиіс препараттар қоқыс жәшігінде жатқан Ақтауда тыйым салынған препарат сатқан дәріхана анықталды

Жамбыл облысында алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсету нысандарының тапшылығы жойылуда. Бұл мәселе облыс әкімінің тапсырмасына орай биыл толығымен шешімін таппақ. Өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында оның 30-ы салынса, биыл 65 нысан ел игілігіне пайдалануға беріледі.

«Жалпы былтыр жүргізілген зерделеу шараларының нәтижесінде өңірде осындай 95 нысанның қажет екені анықталған. Аймақ басшысы бұл тапшылықты жедел шешуді тапсырып, олардың құрылысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салу қолға алынды. Айта кетейік, 95 нысанның алғашқы құны - 6 миллиард 200 миллион теңге болса, оңтайландыру арқылы 2 миллиард 400 млн теңгеге, демек 3 есе арзандатылды. Бұрындары әр жылы осындай 10 нысан ғана салынатын. Бұл орайда бюджет қаржысын үнемдеуден бөлек, аталған күрделі мәселе небәрі 2 жылда шешіліп отыр»,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

Сондай-ақ, басқарма басшысы бұл бағытта мердігерлерлер жауакершілігі күшейтіліп, кепілдік мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайғанын, айыппұл мөлшері 4 есе көбейгенін жеткізді.

Сонымен бірге, өткен жылы 200 төсектік облыстық онкологиялық диспансер ғимаратының құрылысы басталды. Саладағы құрылыс жұмыстарының жалпы құны - 13,9 миллиард теңге.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT