+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Биыл Жамбылда 150-ге жуық адам бруцеллез ауруына шалдыққан

2019 жылғы 16 қараша 14:08
Бөлісіңіз:
Биыл Жамбылда 150-ге жуық адам бруцеллез ауруына шалдыққан

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жыл басынан бері 147 адам бруцеллез ауруына шалдыққан. Дегенмен бұл дертті жұқтыру көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 255 адамға кеміген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімдігі ветеринария басқармасының есептік жиынында айтылды. Өңір басшысы Асқар Мырзахметовке аталған басқарманың басшысы Оспан Бердияров облыстың биологиялық және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы баяндады.


«Диагностикалық зерттеулерді талдаудың нәтижесінде малдың созылмалы бруцеллез ауруына шалдығуы жылдан жылға төмендеп жатыр. 2010-2019 жылдар аралығында сарып ауруы мүйізді ірі қара малында – 86, уақ малда – 83 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, облыс бойынша тұрғындардың бұл дертке шалдығуы 2010 жылмен салыстырғанда 255 адамға кеміп, биыл 147 болды», – деді баяндамашы.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде өңірде ветеринариялық іс-шараларды 11 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын атқаруда. Онда арнайы орта және жоғары білімді 887 ветеринар маман жұмыс істейді. 2019 жылы эпизоотиялық іс-шараларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге (субвенция) бекітіліп, тікелей аудандық бюджеттерге берілген. Бұл өткен жылғы деңгейден 13,3 пайызға артық. Облыста эпизоотияға қарсы жоспарлы іс-шаралар аясында 13 ауру түрі бойынша вакцинация және аллергиялық, 23 ауру түрі бойынша диагностикалық зерттеулер жүргізілуде.

Асқар Исабекұлы осы тұста аталған мәселені талқылап алу керектігін айтып, басқарма басшысына бірқатар сұрақтар қойды.


«Келтірілген деректер қаншалықты сенімді? Меніңше, басқарма есебі ешқандай да күмән туғызбауға тиіс. Шын мәнінде солай ма?» деген өңір басшысы мал ішіндегі сарып ауруының жылма жыл үзілмей жалғасып келе жатқаны жоспарды алдын ала нақтылап, жұмысты да соған сәйкес үйлестіре алмаудың айқын көрінісі екенін жеткізді.

Есепті кезеңде ветеринариялық талаптарды бұзған заңды және жеке тұлғаларға 9 миллион 54 мың 998 теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Асқар Исабекұлы осы орайда жауапты мекемелерге ірі сомада айыппұл салу тетігін енгізуді де ұсынды. Облыс басшысы қазына қаражатын ұқсатып жұмсаудың, ел игілігін еселеудің маңыздылығына айрықша тоқталып, оның нақты есебі, соған орай жоспар-жүйесі болуы керектігін баса айтып, басқарманың алдағы уақытта атқарылар барлық жұмыстары ұлттың денсаулығы нығайтылуына, азық-түлік қауіпсіздігі сақталуына бағытталуы тиістігін атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT