+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Биыл Жамбыл облысындағы 11 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылады

2020 жылғы 1 қазан 09:45
Бөлісіңіз:
Биыл Жамбыл облысындағы 11 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы бойынша қанша ауыл интернетпен қамтылған? Тұрғындар интернет пен ұялы байланыс сапасына көңілі тола ма? Бұл мәселелер облыс әкімдігінде өткен кезекті жиында талқыланды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуда облыстық жобалық басқару және цифрландыру орталығының директоры Дамир Егізбаев баяндама жасады.

Ағымдағы жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық саны 250-ден асатын әр ауылға интернет тартуды тапсырды. Бүгінде 250-ден астам тұрғыны бар облыстағы 308 ауылдың 166-сы интернет желісіне кең жолақты кабельдік қолжетімділікпен қосылған десек, ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша тағы 11 елді мекен қамтамасыз етілетін болады.

308 елді мекеннің 234-і жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен (3G және 4G) қамтамасыз етілген. 23 ауылда ұялы байланыс операторлары мобильді интернеттің жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. 50 ауылдық елді мекенде оның жылдамдығы тұтынушыларды қанағаттандырмайды.

Халық саны 250 адамнан аз 63 ауылдың 20-сы жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етілген; жыл соңына дейін тағы бір ауыл интернетке қосылады.

Талас, Жамбыл, Қордай аудандарында ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс антенналарын орнатуда қиындықтарға тап болуда.


«Мемлекет басшысы цифрлық теңсіздікті жоюды, Интернетке барынша қол жетімділікті және барлық азаматтардың сапалы байланысын қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі уақытта қашықтан білім беру сапасы мен электронды сауданың дамуы осыған байланысты болып отыр», - деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Аймақ басшысы әр ауылдағы жағдайды талдап, қай елді мекендерде интернет жоқ екенін анықтау керектігін ескертті. Облыс әкімінің шешімімен интернетке қол жетімділік мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылатын болды. Оның құрамына ұялы байланыс операторларының өкілдері де енеді.

«Жаһандық желі шалғай аймақтарға да жетуі тиіс», - деді облыс әкімі.

Жақын күндері жұмыс тобы шалғай ауылдарда интернет жылдамдығын арттыру және көрші мемлекеттің ұялы байланыс операторларының байланысын пайдаланатын шекара маңындағы ауылдық округ тұрғындарының мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеуі тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT