Биыл жалған микрокредит беру азайды - Қаржы нарығын реттеу агенттігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға интернет алаяқтыққа қатысты еліміздегі ахуалды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздердің сауалдарыңызда сәйкес Агенттік 2020-2021 жылдары халыққа микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) берген микрокредиттерге мониторинг жүргізіп, олар бойынша алаяқтық белгілері анықталды. ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша (22.05.2021 ж. № 3-3-6-40/1-10322) 2020 жылы интернет алаяқтықтың 3000 оқиғасы тіркелген. Олар қаржы ұйымдары мен МҚҰ-дан басқа, қаржы пирамидаларының, халықтан ақшаны заңсыз инвестициялаудың және тартудың әртүрлі нысандары бар ұйымдардың қатысуымен қосымша заңсыз операцияларды қамтиды», - делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының депутаттар сауалына берген жауабында.

Агенттіктің деректеріне қарағанда, 2020 жылы МҚҰ-ға қатысты 77,9 млн теңге сомаға жалған микрокредиттердің 956 жағдайы анықталды. Бұл көрсеткіш берілген онлайн микрокредиттердің барлық санының 0,05 пайызын құрады. Сонымен қатар, былтырғы осындай кезеңімен салыстырғанда биылғы 4 айда жалған микрокредиттер беру оқиғалары 3,6 есе төмендеді, яғни 10,6 млн теңге сомадағы 94 жағдайға дейін.

«Ішкі істер министрлігі мәліметтері бойынша бұл оқиғадардың 96 пайызы қылмыстық сипатта екендігін атап өтеміз. Осы орайда жоғалған, ұрланған, жалған жеке басын растайтын құжаттарды пайдалануға, сондай-ақ қашықтан микрокредиттер ресімдеу кезінде қарыз алушыларды идентификациялаудың жеңілдетілген тәсілін (коды бар тексеру СМС жіберу) пайдалануға байланысты болып отыр», - деп аталып өткен М. Әбілқасымованың жауабында.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің бірқатар депутаттары онлайн несие берудегі алаяқтық әрекеттердің көбеюіне алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты бір топ депутат ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға сауал жолдады.



Соңғы жаңалықтар