Биыл жалақысын ала алмай жүрген 13 мыңға жуық жұмыскердің құқығы қорғалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 12,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары 481 кәсіпорынның 15,3 мың жұмыскердің алдында 2,8 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешегі барын анықтады.

«Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 570 нұсқама беріліп, 78,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 12,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,3 млрд теңге төленді», - деп жазды Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.


Соңғы жаңалықтар