Биыл «Волонтерлік туралы» заң жобасы әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл «Волонтерлік туралы» заң жобасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтық қоғам саласындағы негізгі шараларға тоқталуға рұқсат етіңіздер. Ең алдымен бұл - Волентер жылы. 7 бағытты қамтитын іс-шаралар жоспары бекітілген. Олар: балалар үйлеріндегі балаларды қамқорлыққа алу, науқастарды қарауға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, қарттар үйлерінде еріктілердің жұмысы, ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларына көмектесу, сонымен қатар екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына арналған жұмыстар. Осы жылдың соңына дейін «Волентерлік туралы« заң жобасын әзірлеуге де назар аудартқым келеді», - деді министр.

Сонымен қатар ол еліміздің барлық үкіметтік емес ұйымдарын IX Қазақстанның Азаматтық форумына белсенді түрде қатысуға шақырды.

«EXPO базасында Art Hub креативтік капитал орталығының алаңында республикалық волентерлік фронт-кеңсе ашу жоспарланып отыр. Осы салаға жетекшілік ететін вице-министр азаматтық қоғам саласындағы міндеттердің орындалуын бақылауға алуы қажет», - деді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар