Биыл ветеринарлардың айлығы ішінара көтеріледі

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде биыл қай санаттағы ветеринарлардың айлығы өсетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр ветеринария мамандарының жалақысы республика бойынша орташа есеппен 50,3% өсті. Осы жылдан бастап заңнама шеңберінде патогендігі I және II топтардағы биологиялық агенттерімен жұмыс істегені үшін 35% және 50% мөлшерінде қосымша төлемдер және екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төленетін болады», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, Әбілхайыр Тамабек ветеринария жүйесін цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыс жүріп жатқанын еске салды.

«Бұл ветеринариялық қызметкерлерді қағазбастылықтан босатуға, ақпарат беру процесін автоматтандыруға және жануарларды есепке алуды, эпизоотиялық ахуал мен мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін мониторингтеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар