Биыл ҰҚК 900 млрд теңгеден астам экономикалық шығынның жолын кескен

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экономикалық қауіпсіздік қызметі 900 млрд теңгеден астам экономикалық шығынның жолын кескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдғына арналған деректі фильмде Экономикалық қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары Марат Дүйсенов осындай дерек келтірді.

«Қылмыстық істерді тергеу кезінде экономиканың түрлі салаларындағы жүйелік проблемалар мен мемлекеттік реттеудің кемшіліктері ашылады. Біздің әрекетіміздің бір нәтижесі ретінде нормативтік актілерге енгізілген өзгерістер мен түзетулерді, заңнамадағы олқы тұстардың жойылуын айтуға болады. Атап айтсақ, жер қойнауын пайдалану, экология, салық, кеден заңнамасына өзгерістер ұсынылып, енгізілді. Биыл биологиялық қауіпсіздік туралы заң қабылданды», - деді комитет өкілі.

Фильмде айтылған дерекке сүйенсек, мемлекеттік бағдарламаларды сүйемелдеу аясында биылдың өзінде ғана 900 млрд теңгеден асатын экономикалық шығынның жолы кесіліп, бюджетке 37,5 млрд теңге қайтарылған.

Жекелеген кеден бекеттерінде көлеңкелі схемалар әшкере болып, 40 млрд теңгенің салық және кедендік төлемдері орындалған. 7 өңірде мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірген заңсыз майнинг құрылымдары жойылған.

Айта кетейік, бүгін ҰҚК-нің құрылғанына 30 жыл толды.


Видеодан алынған кадр




Соңғы жаңалықтар