Биыл үкіметтік емес ұйымдарға 95,4 млн теңге сыйақы берілген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл үкіметтік емес ұйымдарға 95,4 млн теңге сыйақы берілген. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комитет басшысының айтуына қарағанда қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қаржылай қолдаудың үш негізгі бағыты бар:

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – 2005 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимылының әлеуметтік жобаларды іске асырудағы тиімді тетіктерінің бірі. Бұл ретте қаржыландыру көлемі соңғы 5 жылда 20% артты», - деді Мадияр Қожахмет.

Оның мәліметінше, жыл сайын әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша орта есеппен 2 мыңға жуық жоба іске асып келеді.

«2017 жылдан бастап ҮЕҰ-ға республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін сыйақы беріліп жатыр. Биыл жалпы сомасы 95,4 млн теңгеге 14 бағыт бойынша 54 ҮЕҰ-ға сыйақы берілді. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант – әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында берілетін қаражат. Ол қаражат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы үлестіріледі», - деді Мадияр Қожахмет.


Соңғы жаңалықтар