Биыл тұтынушы шағымдарының 12 пайызы қанағаттандырылмады - комитет

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 10 ай ішінде тұтынушылар тарапынан уәкілетті органға жолданған шағымдардың 12 пайызында азаматтардың құқығы қорғалмаған. Оған қолданастағы заңнамада арнайы норманың болмауы себеп. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 10 айда тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне келіп түскен өтініштердің 45,6 пайызы шешімін тапты. 42,4 пайызында көрсетілген мәселе бойынша құқықтық көмек көрсетілді. Ал өтініштердің 12 пайызында тұтынушылардың құқығы қорғалған жоқ. Міне, дәл осы 12 пайыз азаматтың тұтынушы құқығын қасақана бұзған бизнес субъектілеріне айыппұл салу үшін заңнамада арнайы норма қажет», - деп атап өтті Асқар Тынысбеков.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айында құқығы сақталмаған тұтынушылардан түскен арыздар былтырмен салыстырғанда 139 пайызға өскен.


Соңғы жаңалықтар