+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 2,5 мың қылмыстық іс қозғалды

2020 жылғы 23 қыркүйек 11:30
Бөлісіңіз:
Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 2,5 мың қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бойынша 130 мыңға тарта шағым келіп түсті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде - Әлихан Смайылов Нұрлан Нығматулин: бюджетте пандемия кезінде азаматтарды қолдау жағдайы ескерілді Мәжіліс 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатты мақұлдады

«Статистикаға тоқталсақ, биылғы 8 айда тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бойынша 130 мыңға тарта өтінім келіп түсті. Нәтижесінде 2,5 мыңы бойынша қылмыстық іс қозғалды, 30 мыңға жуығы - әкімшілік іс санатында. Ал қалған жағдайларда жәбірленушілер шағымнан бас тартқандықтан тиісті шараларды қолдана алмадық», - деді вице-министр Мәжілістің жалпы отырысында.

Айта кетейік , бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру мақсатында әзірленді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT