Биыл Түркістаннан Әбу-Дабиге тікелей әуе рейсі ашылады

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Биыл Түркістан қаласынан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиге тікелей әуе рейсін ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Wizz Air» авиакомпаниясы «Түркістан – Әбу-Даби (БАӘ)» әуе бағыты бойынша рейстерді 2023 жылдың қазан айынан бастауды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 реттік жиілікпен орындалады. Халық заманауи А-321 ұшақтарымен қатынайды.

Бүгін аталған жоба жан-жақты талқыланып, пысықталды. Жиынға Түркістан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, облыстық Мәдениет және туризм басқармасының және Түркістан халықаралық әуежайы мен Еуропалық лоукостер «Wizz Air» авиакомпаниясының өкілдері қатысты.

Кездесуден соң «Wizz Air» авиакомпаниясының өкілдеріне Түркістан қаласының туристік нысандарына тур ұйымдастырылып, Түркістан халықаралық әуежайы және ондағы арнайы техникалар таныстырылды.


Соңғы жаңалықтар