Биыл Түркістанда 600-ге жуық үй табиғи газға қосылады - ОҚО

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Түркістанда 600-ге жуық үй табиғи газға қосылады.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 30 көшеге газ өткізу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, бұған 400 млн. теңгеге жуық ақша қарастырылған. Газ құбыры көше бойында, әрбір үйдің жанынан өткізіледі.

«Газды үйлеріне тұрғындардың өздері жүргізеді. Бұған 50-60 мың теңгедей қаражат кетеді. Газды үйлерге өткізу қызметін «Шымкентқазмонтаж СМУ» АҚ компаниясы көрсетеді. Бір де бір үйдің бұдан шеттеп қалмауы үшін барлығы жасалады», - деп атап өтті блыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен. Қазіргі таңда қаладағы «Сауран» шағынауданында жұмыстар қызу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар