+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Биыл Түркістан облысының Төле би ауданындағы 21 елді мекенде жолдар жөнделеді

2021 жылғы 14 қаңтар 21:27
Бөлісіңіз:
Биыл Түркістан облысының Төле би ауданындағы 21 елді мекенде жолдар жөнделеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Биыл Түркістан облысының Төлеби ауданындағы 21 елді мекеннің 28 көшесінде ұзақтығы 42 шақырым болатын жол жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД елдері арасында 1-орында Шахтинск қаласында автовокзал қалпына келтіріледі Боран салдарынан Үшарал-Достық жолы жабылды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталмыш құрылыс жұмыстары «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасына жопарланған. Жол құрылысына ауданның бюджеті есебінен 642 млн. 163 мың теңге қаралған.

Сондай-ақ, аудан бойынша 5 ауылдық округтің 14,4 шақырымды құрайтын 14 көшесіне тас төсеуге 34,7 млн. теңге қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек, «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында Бірінші Мамыр және Абай елді мекендерінде 17 жобаны 345 млн. теңгеге қаржыландыруға ұсынылды. Ал, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 514 млн. теңгеге 9 жоба қаржыландырылмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT