Биыл Түркістан облысында 800 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдегі баспана құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері құрылыс жұмыстарының көлемі 209,2 млрд теңгені құрады. «Нұрлы жер» бағдарламасы тұрғын үй құрылысына үлкен қарқын берді. 10 айда 503,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, былтырғы межеден асты. Биыл тұрғын үй беру нәтижесі 800 мың шаршы метрге дейін жетеді деп күтілуде», - деді Ө. Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, 232 тұрғын үй құрылысы тек қана Түркістан облысында жүргізіліп жатыр, 42 тұрғын үй құрылысын тапсыру жоспарлануда.

«Нәтижесінде, 549 көп балалы және әлеуметтік осал отбасы баспанамен қамтылады. Ал, 2 096 отбасы жеңілдетілген несие арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие болады», - Ө. Шөкеев.


Соңғы жаңалықтар