Биыл Түркістан облысында 7 мыңға жуық тұрғын баспаналы болады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 118 тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның 2026 пәтері халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарындағы азаматтарға арналған болса, қалған 4824 - әлеуметтік кредиттік пәтерлер.

Сондай-ақ, Түркістан қаласында 20 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы басталды.

- Бұл - әлеуметтік кредиттік үйлер. Одан бөлек, инвесторлар есебінен 18 қабатты бизнес орталық салынып жатыр. Мұндай жобалар бұрын-соңды облыс аумағында болмаған,-дейді Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында білім саласында - 81, денсаулық сақтау саласында - 5, ішкі істер органы және әкімшілік ғимараттар бойынша - 4 нысанның құрылыс жұмысы жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар