Биыл туристік орындарға қатынайтын әуекомпанияларға 7,2 млрд теңге субсидия бөлінді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Туризмді дамыту мақсатында биыл 23 ішкі әуерейске 7,2 млрд теңге субсидия бөлінді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Тимур Ластаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде маршруттарды субсидиялау жүргізіледі. Ол бірінші кезекте туристік бағыттарға арналған. Қазіргі уақытты жалпы саны 23 маршрут бойынша субсидия беріледі. Биыл ол үшін 7,2 млрд теңге бөлінді. Бұл жоба бастапқыда өңірлердің елордамен байланысын қамтамасыз ету үшін қолға алынған. Дегенмен, қазір оны біз курорттық орындарды дамыту мақсатында пайдаланып отырмыз. Оның ішінде, Алакөл, Балқаш, Ақтау және Бурабайға арналған маршруттар бар», - деді комитет төрағасы.

Сонымен бірге, ол стандарттарға сай келмегені үшін ел аумағында қызмет көрсететін әуекомпанияларға 40 млн теңге айыппұл салынғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар