Биыл тұрғызылған 23 аялдаманы жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүріп жатыр - Астана әкімдігі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Астана қаласында 180-нен астам жабық типтегі аялдама павильондары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл басынан бері елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы 23 аялдама павильонын салды.

«Бүгінгі таңда мердігер ұйым осы аялдамаларды электр қуатына қосу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жыл соңына дейін мердігер осы павильондардың барлығын жылумен қамтамасыз етуге міндеттенеді», - деп түсіндірді басқарма әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әзірге бұл павильондарда оларды қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы хабарландыру орналастырылды.

Жеогілікті әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар