Биыл тұрғын үй бағасы қаншалықты қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басталғалы Қазақстанда тұрғын үй бағасы қаншалықты өсті? Бұл сұраққа ҚР Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл елімізде қаңтар-маусым айында жаңа салынған тұрғын үйдің бағасы 9 пайызға өскен. Ал қолданыстағы тұрғын үйдің бағасы 14 пайызға артқан. Ал отандық құрылыс материалдарының бағасына келсек, биыл қаңтар-мамыр айында 19 пайызға өскені байқалды», - деді Б. Сәмбетов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, отандық және шетелдік құрылыс материалдары бағасымен қатар, шикізаттың бағасы да өскен.

«Осы орайда құрылыс материалдарын өндірушілер тарапынан нарықта алыпсатарлық әрекеттің орын алғаны байқалады. Сол секілді агенттік әділ бәсекелестікті қорғау саласында құқықбұзушылықты анықтады және ол баға келісімімен байланысты. Яғни бағаны өз бетімен орнату», - дейді ол.

Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде тұрғын үй бағасының өсу себебін түсіндірген болатын.



Соңғы жаңалықтар