+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Биыл түлектердің қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді – ҚР БҒМ

2020 жылғы 10 сәуір 22:39
Бөлісіңіз:
Биыл түлектердің қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді – ҚР БҒМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қашықтан оқыту жағдайында мектеп түлектері үшін қорытынды аттестаттау пәндер бойынша жылдық бағалары негізінде жүргізіледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімдері өзгеріссіз қалады. ҚР Білім және ғылым министрлігі осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрліктен мәлім еткендей, Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай мен оқушылардың қашықтан оқу түріне ауысуына байланысты БҒМ 9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылдады.

«Біз сараптай келе осындай шешім қабылдадық. Тиісті өзгертулер министрліктің бұйрықтарына енгізілді. Жекелеген емтихандар өткізілмейтін болады. Бұл оқу жетістіктерін қорытынды бағалаудың барынша әділдігін қамтамасыз етеді», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек негізі 9 (10) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттауы келесідей өткізілетін:

1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – эссе түріндегі жазбаша жұмыс, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін мақала/әңгіме/эссе түріндегі жазбаша жұмыс;

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

3) оқыту орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан және оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан;

4) таңдау пәні бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатикадан жазбаша емтихан ретінде.

Ал 11 (12) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау келесідей өткізіліп келді:

1) ана тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) эссе түрінде;

2) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі бойынша тестілеу және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу;

3) алгебра және талдау негіздері бойынша жазбаша емтихан;

4) Қазақстан тарихы бойынша ауызша;

5) таңдау пәні бойынша тестілеу (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/ француз/ неміс), информатикадан тестілеу түрінд.

«Қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімі өзгеріссіз қалып отыр. Түлектер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған сынама тесттерін тегін пайдалана алады. Әр пән бойынша тестілеудің 70 бірегей нұсқасы ұсынылып отыр», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік 2017 жылдан бері ҰБТ нәтижелері ЖОО түсуге және білім гранттарын иеленуге, ал қорытынды аттестаттау емтихандарының нәтижесі аттестат алу үшін қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT