Биыл төтенше жағдайлардан 4,3 мың қазақстандық құтқарылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Отан қорғаушы күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Ведомство қызметкерлерін меркемен Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, биылғы жыл басынан бері төтенше жағдай өкілдері 4,3 мың адамды құтқарып, 7,5 мың адамды қауіпті аумақтан эвакуациялады. Тосын жайттар кезінде зардап шеккен 1,2 мың адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, 18 мың рет шұғыл шақыртуларға аттанған.
null

Сала мамандарының осы еңбегі Отан қорғаушы күнінде лайықты ескеріліп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына сәйкес 10 өрт сөндіруші мен құтқарушы ерліктері мен мінсіз қызметтері үшін марапатталды.
null

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың қолынан «Ерлігі үшін» медалін Қарағанды облыстық ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің №1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі А.Г. Минаев, қалалық ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің №1 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары А.Б. Кенжешов алды.
null

Шара соңында Төтенше жағдайлар комитетінің құрылымдық бөлімшелері арасында шағын футбол мен үстел теннисінен кубоктар сарапқа салынды.
null null null null null

Соңғы жаңалықтар