Биыл теннистен өтетін халықаралық жарыстардың жаңа кестесі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) теннистен 2020 жылғы маусымға арналған жаңартылған жарыс кестесін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлер арасындағы теннис бәсекесі коронавирус індетіне байланысты наурыз айынан бері тоқтап тұрған болатын. 2020 жылғы жарыс күнтізбесі: 22 тамыз – Нью-Йорк (Цинциннати орнына) 31 тамыз – US Open 8 қыркүйек – Кицбюэль 14 қыркүйек – Рим 21 қыркүйек – Гамбург 27 қыркүйек – «Ролан Гаррос» 12 қазан – Санкт-Петербург 19 қазан – Кремль кубогі және Антверпен 26 қазан – Вена 2 қараша – Париж 9 қараша – София 15 қараша – АТР қорытынды чемпионаты, Лондон.


Соңғы жаңалықтар