Биыл теңге бағамы қанша пайызға әлсіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Валюта нарығында теңге бағамы 10,4 пайызға әлсіреді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, жалпы отырыста  «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.

«Жылдың басынан бастап 16 қазанға дейін валюта нарығында теңге бағамы 10,4 пайызға әлсіреді және бір АҚШ доллары үшін 366,86 теңгені құрды. Теңгенің әлсіреуі сыртқы факторларға байланысты болды. Біріншіден, дамып жатқан елдердің валюталарына қарағанда АҚШ долларының күшеюі. Екінші фактор ретінде Ресейге қарсы санкцияларды одан әрі қатаңдату туралы хабарландыру ықпал етті. Осыған орай, жылдың басынан бері ресей рублінің әлсіреуі 15 пайыз болды», - деді Д. Ақышев.

Сонымен қатар, ол Ұлттық банк шекарасы, дәлізі немесе басқа да өлшемдері жоқ өзгермелі айырбас бағамы саясатын жалғастыратынын атап өтті.

«Алдын ала деректер бойынша Ұлттық банктің алтын валюта резервтері 30 млрд АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері  56,3 млрд  АҚШ долларын құрады. Халықаралық резервтердің жалпы көлемі 86,4 млр АҚШ долларына жетті», - деп нақтылады ҰБ басшысы.

Еске сала кетейік, Ұлттық банк инфляцияның өсуіне жол бермеу үшін шара қабылдады.

Соңғы жаңалықтар