+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Биыл теміржол саласында 265 оқиға болды

2020 жылғы 26 мамыр 14:56
Бөлісіңіз:
Биыл теміржол саласында 265 оқиға болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде биылғы бірінші тоқсанда теміржол саласында 2 апат болды. Барлығы 265 оқиға тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, көліктік бақылау органдары осы кезеңде өз қызметін теміржол көлігінде жүзеге асыратын 25 кәсіпорынға тексеру жүргізді. Оның ішінде 1800 шақырымнан астам магистральдық, стансалық, кірме жолдарды және 409 жылжымалы құрамды тексерді. Оның барысында теміржол көлігіндегі қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер талаптарының 37 бұзушылығы анықталды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруіне байланысты 50 жылжымалы құрамды, 6 теміржол және бағыттамалы бұрмаларды пайдалану тоқтатылды.

«Көліктік бақылау органдары 2020 жылдың І тоқсанында 10,5 млн астам теңге айыппұл өндірді. Аумақтық көліктік бақылау органдары биыл алғашқы үш айда 250 жолаушылар пойызын жолаушыларды тасымалдау ережесі талаптарына сәйкестігін тексеріп, 156 билетсіз жолаушы және 2125 келі рәсімделмеген жүк тасымалданғаны анықталды», - деп атап өтеді министрліктен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Заң   #Жол  
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT