Биыл тауар импорты тарихи көрсеткіштерден де асып түсуі мүмкін – Ұлттық банк

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет нақтыланып жатқан Сенат отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов елдегі төлем балансы қандай динамика көрсететінін айтты, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық банктің бағалауынша, төлем балансының ағымдағы шоты профицит аймағынан орта мерзімді перспективада дефицит аймағына біртіндеп ауысады. Шикізат бағасының түсуіне және импортқа деген сұраныстың өсуіне байланысты ағымдағы шоттың оң сальдосы қысқарды», - деді Ұлттық банк басшысы.

Оның болжамынша, экономикалық даму болжамының базалық сценариі сақталса, мұнай саудасының есебінен тауар экспортының деңгейі қазіргі деңгейде сақталады.

«Ал тауар импорты болса, одан әрі өсіп, біздің болжам бойынша, ең жоғары тарихи көрсеткіштен асып түседі. Импорттың өсіп келе жатқан деңгейі халық пен бизнестің арта түскен сұранысын қанағаттандыру үшін Қазақстандағы өндірістің жеткіліксіз болуына, мемлекеттік бастамалар мен экономиканы қолдау бағдарламаларының іске асырылуына байланысты болып отыр», - деді Ғалымжан Пірматов.


Соңғы жаңалықтар