Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға 7,5 млрд теңге бөлінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл елімізде тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға 7,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін Астанада тауық жұмыртқасының бағасын тұрақтандыру мәселелері талқыланды.

Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының мәліметінше, 2022 жылдың тоғыз айында ҚР құс фабрикалары 2 млрд 790 мың дана жұмыртқа өндірген. Бұл 2021 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 7,8 пайызға көп. 2022 жылдың қыркүйегінде ғана құс фабрикалары 305,4 млн дана немесе 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 3% көп өнім өндірді. Осылайша, Қазақстанда тауық жұмыртқасы өндірісінің көлемі артуда. Бұл көлем халықтың ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Мәлім етілгендей, күзде жыл сайын жұмыртқа бағасы қымбаттайды. Бұл маусымдық сипатқа ие, себебі сұраныс артады. Өндірушілердің айтуынша, қараша айының басында бағалар тұрақтанды және одан әрі өсуі күтілмейді.

«Жұмыртқа құс шаруашылығын дамыту үшін ауыл шаруашылығы министрлігі бір басына 60 теңге мөлшерінде тәуліктік тауық сатып алуды субсидиялайды. Субсидиялау қағидаларына толықтырулар енгізілді, оған сәйкес нақты өндіріс үшін жылына 5 млн данадан бастап данасы үшін 3 теңге мөлшеріндегі нормативпен жұмыртқа құнын арзандату үшін қолдау қалпына келтірілді.

Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға 7,5 млрд теңге бөлінді.

Құс шаруашылығы ұйымдарының субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі, салалық қауымдастықтар және Қазақстан құс өсірушілер одағы,»Азық-түлік корпорациясы «ҰК» АҚ арасында меморандум жасалды. Оған сәйкес Азық-түлік корпорациясы мал және құс шаруашылығы шаруашылықтарына ҚҚС-пен тоннасына 117,0 мың теңге бағамен 150 мың тонна астық сатады (бұл нарықтан 30% төмен)», - делінген министрлік хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар