Биыл табылған малдың үштен бір бөлігінде таңбалары болмады - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Сағат Мадиев елімізде ұрланған мал басында есепке алу белгілерінің жоқытығынан жануарларды иелеріне қайтарудың қиындығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Малды сәйкестендіру және есепке алу өзекті мәселе болып табылады. Есепке алуды әкімдіктердің шаруашылық кітаптарына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы ветеринарлық қызметтерінің жануарларды сәйкестендіру базасына енгізу жолымен жүргізіледі. Сонымен қатар, ағымдағы жылы табылған 4 мың 600 бас малдың үштен бір бөлігінде (1560 бас) есепке алу белгілері жоқ (сырға, нөмір, Чип, таңба) болған», - деді С. Мадиев.

Оның сөзіне қарағанда, есепке алынбаған мал басы тек статистикаға ғана емес, сонымен қатар қылмыстық процес үшін де проблема болады.

«Мал ұрланған жағдайда полиция жануарларды тек сыртқы түрі мен түсіне қарап іздестіруге мәжбүр болады. Ал анықталған кезде малдың сырғасы, нөмірі, таңбасының жоқтығынан, қылмыстық іс бойынша көбіне заттай дәлелдер ретінде пайдалану мүмкін болмай жатады», - деді Сағам Мадиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, соңғы бес жылда еліміз бойынша мал ұрлығының фактісі 8 мыңнан 3,7 мыңға дейін төмендеді.

Биыл жануарларға қатысты көлік апаты 9 пайызға өсті.

Соңғы жаңалықтар