Биыл СҚО тәртіп сақшылары арасында 9 полицей пара алған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл полиция қызметкерлерінің пара алуына қатысты 9 дерек тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл полиция қатарында сыбайлас жемқорлық сипаттағы 9 факті анықталса, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40% төмен.

«Биыл сыбайлас жемқорлыққа жол беру азайған. Бұған полиция қызметкерлерінің жұмысына цифрлық технологияларды енгізу, профилактикалық жұмыс, ашықтық пен қолжетімділік принципі ықпал етті. Полицияның халықпен байланыс орнатуының жаңа түрі тікелей қарым-қатынасты жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің жартысынан астамы электронды форматқа көшірілген», - дейді СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Арман Атанов.

Сыбайлас жемқорлықты азайтуға жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында енгізіліп жатқан техникалық жаңалықтар да көмектескен.

Қазір Петропавлдағы 7 көше қиылысында интеллектуалдық жүйе мен 43 жылдамдық өлшеуіш бар.

Патрульдік полицияның барлық қызметкерлері бейнетіркегіш, планшет, автомашина – стационарлық бейнекамермен жабдықталған.

Сонымен қатар, халықпен кері байланыс орнатуда әлеуметтік желілердегі парақшалардың берері мол.

СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың жеке аккаунтына 20-дан астам өтініш келіп түсті.

Өңір тұрғындары интернет арқылы өзіндік қауіпсіздік қызмет басқармасының бастығына, СҚО ішкі істер органдарының басқармалары мен аумақтық бөліністерінің басшыларына тікелей жүгіне алады.

Бұдан басқа, полицейлердің құқыққа сыйымсыз іс-әрекеті жайлы ПД ӨҚБ 8 7152 61-26-89 сенім телефонына хабарласып, +7-700-161-26-89 WhatsApp нөмірі арқылы хабарлама жіберуге болады.


Соңғы жаңалықтар