Биыл СҚО-ның 32 ауылына таза су жеткізіледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-ның 32 елдімекеніне ауыз су жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі СҚО әкімдігінің отырысында талқыланды. Қазір өңірдегі тұрғындардың 89,8% орталық су жүйесіне қосылған. Былтыр таза су 38 ауылға келді.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл бұл бағытқа 9,1 млрд теңге бағытталмақ, қаржы көлемі 40 пайызға өсті. Биыл 32 ауылға су жеткізу жоспарланған. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 аудандағы 27 ауылда су тарату жүйелері салынады. Петропавлдың жеке секторын да орталық су жүйесіне қосу жоспарда бар.

«Петропавлда қазір 20 мың үй бар. Жеке сектордағы бұл үйлердің 72 пайызы орталық су жүйесіне қосылмаған. Қосу құны 200-500 мың теңге тұрады. Бұл қымбат. Қала басшылығынан үйлерді орталық су жүйесіне қосу бойынша оңтайлы ұсыныстар күтемін», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Облыс басшысы елді мекендер ішінде де су тарату жүйесі салыну керек деген пікірде.

«Суды ауылға ғана тарту жеткіліксіз. Колонкаларды барынша үйлерге жақын етіп орналастыру қажет. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 27 елдімекенде су тарату желісі салынады. Біз ауылдардың санын арттыруға дайынбыз. Үйлерге кіргізуге де көмектесеміз. Алайда бұл жұмыстар тұрғыны көп елдімекендерде жүргізілетін болады», - дейді әкім.

Соңғы жаңалықтар