+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Биыл СҚО-ға қоныс аударғандарды баспанамен қамтуға 2 млрд теңге бөлінді

2021 жылғы 16 қыркүйек 15:00
Бөлісіңіз:
Биыл СҚО-ға қоныс аударғандарды баспанамен қамтуға 2 млрд теңге бөлінді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында депутаттар «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылған жұмысты қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, партияның депутаттық фракциясының мүшелері сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі жол карталарының орындалуының алдын ала қорытындысын шығарды.

Өңірлік және аумақтық сайлауалды бағдарламаларды талдай келе, осы жылдың 8 айында белгіленген 1134 іс-шараның 192-сі, яғни 17 %-ының орындалғаны, 726-сының – 64 %-ының жүзеге асырылып жатқаны және 216 іс-шара бойынша, бұл – 19 %, орындау мерзімінің әлі жетпегені анықталған.

Іске асқан маңызды жобалардың бірі - Петропавлда «CLAAS» компаниясының ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру зауытының, Петропавл электртехникалық зауытының, 210 орынға шақталған жұқпалы аурулар ауруханасының ашылуы және «Радуга» ЖШС қуаты 2,1 мың тонна болатын көтерме-тарату орталығының пайдалануға берілуі.

Сонымен қатар, жол карталары аясында «Маслодел» ЖШС жаңа өндірістік желісі іске қосылып, жылына 66 мың тонна ультрапастерленген сүт және 1,8 мың тонна қаймақ шығаратын болды.

Ақжар ауданында «Ақниет Агро и К» ЖШС ұн тарту цехы салынды және Шал ақын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Сонымен қатар, фракция мүшелері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселесін талқылады. Биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1 939,7 млн теңге бөлінген.

«Қазіргі уақытта облыс аудандарында 242 үй сатып алынбақ, оның 66-сы сатып алынды, 48-і дайын тұр, 120-сының қабырғасы қаланса, 8 үйдің іргетасы құйылды. Бір үйді сатып алуға 8 млн теңге бөлінген», - дейді облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық фракциясының жетекшісі Әсем Рахметова.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT