Биыл СҚО-да 800-ден астам адам қоныстой тойлайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Солтүстік Қазақстанда 11 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы СҚО Құрылыс басқармасының басшысы Ратмир Ахметов ақпараттандырды.

«Биылғы жылы бюджеттік қаражат, Ұлттық қордан «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында бөлінген қаражаттар есебінен жалпы пәтер саны 853 және жалпы ауданы 64 мың шаршы метр болатын 11 тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Мамыр айында «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 3 үйді және жас отбасы желісі бойынша 4 үйді салу жоспары бар. Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жастар үшін 200 орындық екі жатақхана салынып жатыр. Олар жергілікті атқарушы органдарындағы кезекке сәйкес үлестіріледі. «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» желісі бойынша екі үй бар. Осы үйлердің барлығын ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында пайдалануға енгізужі жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады Р.Ахметов.

СҚО-да құрылысы бұған дейін басталған нысандардың аяқталуына мемлекеттік қазынадан 5 млрд. астам теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар