+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Биыл ШЫҰ аумағында 7 тонна есірткі тәркіленген

2019 жылғы 9 тамыз 16:12
Бөлісіңіз:
Биыл ШЫҰ аумағында 7 тонна есірткі тәркіленген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ішкі істер министрлерінің екінші кеңесіне қатысқан Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан полицейлерінің трансұлттық қылмыспен қалай күресетінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жалған шот-фактураларды жазу қылмысы анықталды Таразда бетперде киген қарақшылар балаларды оңалту орталығына басып кірген Шымкентте медбикені ауруханада зорлады деп айыпталған дәрігер сотта ақталып шықты

«Біздің елдер аумағында қауіпті қылмыскерлерді іздеу және ұстау, ауыр қылмыстарды бірлесіп ашу жолға қойылғанына көптеген мысалдар бар. ТМД шеңберінде жыл сайын 2 рет өтетін «Іздестіру» халықаралық операциясынан тәжірибе жинақталғанын атап өткім келеді. Сонымен қатар, бірінші рет мал ұрлығы мен адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға және ашуға бағытталған «Скотокрад» және «Стоп-трафик» үйлестірілген жедел-алдын алу операциялары өткізілді. Соның арқасында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды, шекара арқылы заңсыз айдалатын ондаған бас мал табылып, адам саудасына байланысты 100-ге жуық қылмыс анықталды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде жақында ғана синтетикалық есірткілерді жеткізу және тарату арналарының жолын кесуге бағытталған «Паутина» операциясы өтті. Оның барысында ШЫҰ елдерінің аумағында 1 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталып, 7 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді, 2 мыңнан астам адам ұсталды. ШЫҰ мемлекет басшыларының шешімі бойынша бұл операция алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады»,-деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, биыл Орталық Азия елдерінен ішкі істер органдарының сұраулары бойынша Қазақстан аумағында 70-ке жуық қылмыскер іздестірілген.

«Бірлескен іздестіру жұмыстары аясында қылмыстық істер бойынша нақты тәжірибелік құқықтық көмек көрсетіледі. Биыл Қазақстаннан Қырғызстанға және Өзбекстанға 4 жедел-тергеу тобы барды. Олардың барлығы әріптестерінен қажетті қолдау мен көмек алды. Бұл үшін министрліктердің басшыларына ризашылығымды білдіргім келеді. Көптеген қылмыстардың ашылуы мен іздестіріліп жатқан қылмыскерлерді ұстау біздің ішкі істер органдарының басшылары мен қызметкерлерінің жеке байланыстары нәтижесінде мүмкін болатынына сенімдімін», - деді ведомство басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ШЫҰ, Қылмыспен күрес, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT