Биыл ШҚО-да іздеуде жүрген 40 қылмыскер ұсталды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері іздеуде жүрген 40 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары адам өлтіргені үшін сотталып, кейін шартты түрде мерзімінен босатылған соң бақылаудан жасырынған адамды тапты.

- Өскемен қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 30 жастағы сотталған азаматты тапты. Ер адам бұған дейін ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен (кісі өлтіру) түрмеге қамалған болатын. Сот қаулысына сәйкес ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, алайда пробациялық бақылаудан жасырынған. Сол үшін оған қалалық №2 сотының қаулысымен іздеу жарияланды, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдары іздеудегі 40 қылмыскерді ұстады.


Соңғы жаңалықтар