Биыл ШҚО-да 582 тұрмысы төмен отбасы баспаналы болады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында тұрмысы төмен отбасыларды баспанамен қамтуға бюджеттен 2,7 млрд бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай жағымды жаңалықты облыс әкімі Даниал Ахметов «Нұр Отан» партиясы обыстық филиалының ХХІІ конференциясында айтты.

«Біз биыл 582 тұрмысы төмен отбасына баспана сыйлаймыз. Оған мүмкіндік бар. Облыс бойынша 87 көппәтерлі үй салынып жатыр. Оның ішінде 10 үй жалға берілетін баспана ретінде салынуда. Аталмыш отбасылар осы үйлерден пәтер алады. Оның екеуі Өскемен қаласында, үшеуі Семей қаласында, қалған бесеуі өзге аудан, қалаларда жалға беріледі. Бұл мақсатқа 2,7 млрд теңге бөлінген» - деді Даниал Ахметов.

Әкім баспанаға қолы жетпей жүрген тұрғындарға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынатын жер үйлер де үлкен мүмкіндік екенін атады. Биыл осы бағдарлама бойынша Семей мен Өскеменде, Бородулиха және Аягөз аудандарында жер үйлер салынбақ. Қазірдің өзінде бөлінген учаскелерге қажетті инженерлік инфрақұрылым тартылуда.

Соңғы жаңалықтар