Биыл шекарадағы 33 өткізу бекеті кеңейтіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан шекарасындағы кейбір өткізу бекеттері әлі күнге дейін екі-ақ жолақпен жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Сенат кулуарында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейбір өткізу бекеттерінде екі жолақ қана жұмыс істейді – Қазақстанға кіретін бір жолақ, Қазақстаннан шығатын 1 жолақ қана бар. Ал стандарт бойынша ары 5 жолақ, бері 5 жолақ болуы керек. Проблеманың бәрі осында. Қазіргі таңда өткізу бекеттері кеңейтіліп жатыр. Сыртқы шекарадағы өткізу бекеттері Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің құзыретінде. Ішкі шекарадағы өткізу бекеттеріне біз жауап береміз. Биыл жоспар бойынша 33 бекет кеңейтіледі. Индустрияы және инфрақұрылымдық даму министрлігі жобалық-сметалық құжаттамсын өткізіп жатыр», - деді Ерлан Алдажұманов.

Сондай-ақ, ол Қазақстан шекарасының 16 пайызы ғана техникалық күзет жабдықтарымен жарақталғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар