Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 26 °С
Алматы: 20 °С
USD 325.75 EUR 382.04
RUB 5.31 CNY 51.04
Жаңалықтар

Биыл шегіртке қаупі артуы мүмкін - АШМ

2018 жылғы 14 ақпан 19:41 1590
Бөлісіңіз:
Биыл шегіртке қаупі артуы мүмкін - АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомствоның вице-министрі Гүлмира  Исаева 2018 жылы шегірткенің таралу қаупіне қатысты мәселелерді көтерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ОҚО: Мақтааралдық шаруалар судан тапшылық көрмейтін болады ОҚО-да диқандар 51 мың гектар жерге қауын-қарбыз екті

«Ағымдағы жылы шегірткеге қатысты жағдай қиын болатын секілді. Біріншіден, шегірткенің таралуы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында болжанып отыр. Биыл осы зиянкестердің 1,9 млн гектарға таралуы мүмкін деген қауіп бар», - деді Г. Исаева.

Сонымен қатар ол өткен жылдың қарашасында мемлекеттік сатып алулардағы заңбұзушылықтың салдарынан препараттарды сатып алу жұмыстары іске асырылмағанын жеткізді.

«Қазіргі кезде біз министрлік пен әкімдіктердің өзара іс-қимылының жоспарын әзірлеудеміз. Осы орайда шегірткенің таралуына тосқауыл қоюдың шараларына айрықша мән беріліп отыр», - деді Г.Исаева.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев шегірткемен күрестегі кемшіліктерге пікірін білдірді.

«Шегіртке бойынша жағдай біршама назардан тыс қалған. Тендерлер уақытылы өткізілмейді. Шынын айтқанда, бұл бағыттағы шаралар түсініксіздеу. Шегірткеге қатысты мәселе өте маңызды. Қазіргі кезде саладағы мән-жай тексеріліп, айқындалатын болады. Сондықтан алдын ала ештеңе айта алмаймын», - деді Шөкеев.

Осы орайда ол оңтүстік өңірлердегі ахуалға тыңғылықты қарауды тапсырды.

«Қазіргі кезде біз команданы құрдық, басқа вертикальды қалыптастырудамыз. Шұғыл түрде барлық қажетті препараттарды сатып алумен айналысу керек. Екі аптадан кейін маған атқарылған жұмыстарды баяндап беріңіздер, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстандағы іс-қимылдар жайында мәлімет қажет», - деді Өмірзақ Шөкеев.

 

 


Басты сөздер: ҚР АШМ, Ауыл шаруашылығы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат