Биыл шегіртке 553 мың гектар алқапқа таралуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ деректеріне қарағанда, елімізде биыл аса қауіпті зиянкестер 3,7 млн гектар алқапқа таралуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл Қазақстанда аса қауіпті зиянды организмдердің 3,7 млн гектар алқапта таралуы ықтимал. Оның ішінде астық дақылдарының аурулары 1,4 мың гектарда, үйірлі шегіртке зиянкестері 553 мың гектар, астықтың сұр көбелегі 652 мың гектар, гессен шыбыны, зиянды бақашық, астық қоңызы, мақта көбелегі, өрмекші кене, колорадо қоңызы және тышқан тәріздес кеміргіштер 142,4 мың гектар жерді зақымдауы мүмкін», - деп атап өтілген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

2019 жылы ерекше қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы карантиндік және фитосанитарлық іс-шараларды жүргізу жөніндегі мемлекет пен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері (АШТӨ) арасындағы жауапкершілікті белгілеуді көздейтін ҚР өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу салаларындағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Бұл өзгерістер АШТӨ-ге қажетті кез келген пестицидті таңдау және сатып алу еркіндігін береді. Енді шаруалар дәрі-дәрмектерді және егістіктерді өңдеу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдеріне тәуелді болмайды. Сондай-ақ, жаңа заңмен өз аумағындағы аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілермен күресу үшін АШТӨ өз бетінше сатып алатын пестицидтердің құнын 50 пайызға дейін арзандату көзделген.


Соңғы жаңалықтар