Биыл Шаңғы спорты федерациясын қаржыландыруға 300 млн. теңге бөлінеді

None
None
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Биыл Шаңғы спорты федерациясын қаржыландыруға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 300 млн. теңге бөледі.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР шаңғы жарысы ұлттық федерациясының кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы, федерация президенті Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

«Самұрық-Қазына» елдегі ең ірі компания ретінде спортты дамытуда өзінің жауапкершілігін толық сезінеді. Біз 13 спорт федерациясын қаржыландырамыз, алайда барлығын жүйелі түрде елеп-екшейміз. Қысқы Олимпиада ойындарының таяп келе жатқандығына байланысты, биыл шаңғы жарысына 300 млн. теңге бөлуді жоспарлап отырмыз. Біз үшін ең бастысы жақсылап дайындалып, Сочиде жақсы нәтижелер көрсету» деп атап өтті Ө. Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар