Биыл сатып алынған қызметтік көліктердің 100%-ы Қазақстанда құрастырылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -«ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы 2019 жылғы 4 айда меморгандар мен ұлттық компаниялар тарапынан қызметтік көлік сатып алу қарқыны бойынша мәліметті жариялады. Осы орайда мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық автомобильдердің үлесі 100 пайызға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, есепті кезеңде мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар 9,6 млрд теңгеге 1 537 автомобиль сатып алған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 46,5 пайызға жоғары.

«Өткен жылы мемлекет қабылдаған шаралар көптеген меморгандар мен ұлттық компаниялардағы сатып алулар саясатын қайта қарастыруға ықпал етті. 2019 жылғы қаңтар-сәуірдің қорытындысы бойынша алғаш рет мемлекеттік сатып алулар тарихында алынатын қызметтік техниканың барлығы Қазақстанда құрастырылған автомобильдерге тиесілі болды», - делінген таратылған мәліметте.

Мемлекеттік мекемелер арасында LADA брендінің жеңіл көліктері сұранысқа ие болды. Өткен кезеңде осы маркадағы 555 техника сатып алынды. ТОР-5 құрамына UAZ (325 көлік сатып алынды), Skoda (230 көлік), Hyundai (170) және KIA (167) енді.

Соңғы жаңалықтар