Биыл Самара - Шымкент тасжолында 11 шетелдік қаза тапқан

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері өңірде 69 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, Самара-Шымкент тасжолында 11 шетелдік көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті алыс жолға шығып, жүк және жолаушы тасымалдайтындар үшін ең қауіпті жолды атады. Самара-Шымкент тасжолында тек шетелдіктер мерт болып жатыр. Себебі жолға шыққандар тынықпайды, жылдамдықты асырады.

«Көлік құралын басқаратындар ұйықтап кетіп жатыр. Бүгін біз оларды тоқтатып, қауіпті жерлерді белгілеп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Жыл басынан бері 11 адам тасжолда қайтыс болды. Олардың бәрі шетел азаматтары», - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Абзал Шотанов.

Айта кетейік, жыл басынан бері республикалық маңызы бар жолдарда 69 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаты кезінде 26 адам қаза болып, 120 адам жарақат алған. Ал Самара-Шымкент трассасында 39 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 11 адам мерт болды және 66 адам жарақаттанды. Жүргізушілердің көбі ұйықтап кетеді немесе қарсы бағытқа шығады.
null

«Ақтөбе облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы аясында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Шетел азаматтарын ПД бастығының орынбасары Абзал Шотанов және Әкімшілік полиция басқармасы, Жергілікті полиция қызметі басқармасы, «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері қабылдады. Медицина қызметкерлері жүргізушілердің денсаулыған тексерді. Алыс жолға шыққан шетелдіктерді жол сапасы, жол белгілерін орнату сұрақтары мазалайды екен. Ал полиция қызметкерлері жүргізушілер үшін ең қауіпті аумақтарды картадан көрсетіліп, демалыс орындары туралы ақпарат берді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
null

Айта кетейік, қабылдау кезінде дастарқан жайылып, шетелдік жолаушыларға бауырсақ пен көже ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар