Биыл республикалық бюджет кірістері 279 млрд теңгеге артық орындалатындығы болжанады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл республикалық бюджет кірістері 279 млрд теңгеге артық орындалатындығы болжанады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2021 жылға арналған нақтыланған әлеуметтік-экономикалық даму болжамды жария еткен ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2021 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды. Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2021 жылы 7 204 млрд теңге көлемінде бағаланады. Бұл бекітілген жоспардан 279 млрд теңгеге жоғары. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт өзгермейді және 2 700 млрд теңге мөлшерінде сақталды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, Ұлттық қордан нысаналы трансферт 1 трлн теңгеден 1 850 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

«Республикалық бюджет шығыстары 15 334 млрд теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл бекітілген көрсеткішке қарағанда 1 285 млрд теңгеге ұлғайтылады. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,5 пайыз деңгейінде болжанып отыр», - деді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар