Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Рамазан айының бірінші күні 23 наурызға тура келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2023 жылғы кестеге қарағанда, оразаның басталуы 23 наурызға келіп тұр. Қасиетті Қадір түні - 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түн. Ал 21 сәуір - Ораза айттың бірінші күні.

«Хижри айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді», - делінген ҚМДБ сайтында.

Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға түсіп тұр. Айта кетейік, үш күндік мерекенің алғашқы күні елімізде демалыс саналады.


Фото: muftyat.kz



Соңғы жаңалықтар