Биыл пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының, зекет пен підияның мөлшері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтай отырып қысқа сүрелер оқу, ауа райы қолайлы аймақтарда мешіт ауласында өткізу, Рамазан айында Құран хатым жасайтын топтар құрып, жамағатты сауапты істерге жұмылдыру жағына басымдық беру туралы айтты. Сондай-ақ Батыржан Мансұров қасиетті айда онлайн және тікелей эфирде бірнеше жоба ұсынылатынын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар