+7 (701) 759 90 19
USD 377.75 EUR 421.27
RUB 6.13 CNY 54.91
Jańalyqtar

Биыл Петропавлдағы әскери-техникалық мектепті 260 түлек бітірді

2019 жылғы 11 желтоқсан 20:55
Бөлісіңіз:
Биыл Петропавлдағы әскери-техникалық мектепті 260 түлек бітірді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласындағы Жеңіс саябағында ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің 47 түлегі салтанатты түрде әскери ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Қорғаныс істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы әскери-техникалық мектепке 24-27 жастағы жігіттер қабылданады. Олар арнайы курстан өткеннен кейін «атқыш» мамандығымен қоса әскери билет алып шығады.


«Әскери-техникалық мектеп түлектері салтанатты түрде, көпшіліктің алдында ант қабылдайды. Бұл үрдіс жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа баулу мақсатында өткізіледі. Жастардың бүгінде әскери қызмет саласына ұмтылушылығы байқалады. Өйткені мемлекет тарапынан әскери қызметшілерге көптеген жеңілдіктер жасалып жатыр», - дейді СҚО ҚІД баспасөз қызметінің бастығы Айман Әбжапбарова.


Әскери-техникалық мектептің шақырылушылары 40 күндік оқу курсында 1 жылдық материалды толығымен қамтып, нағыз әскердегідей дайындықтан өтеді. Теорияны тәжірибемен бекіту үшін оқу полигондарына барып жаттығады.

Әскери-техникалық мектеп бастығы Қалиолла Сауытбековтің айтуынша, сарбаздар оқу бағдарламасына сәйкес Қазақстан заңдарын біліп, жалпы әскери жарғылармен танысады. Болашақ әскери мамандығына байланысты қаруды қолдануды, нысанаға тигізуді үйреніп, әскери барлауды және картамен жұмыс істеуді меңгереді. Оқыту бағдарламасына алғашқы медициналық көмекті көрсету дәрісі де кірген. Оқу орнының тағы бір артықшылығы - демалыс күнінің болуы.

Әскери-техникалық мектеп жылына 7-8 рет курсант қабылдайды. Биыл оқу орнын 260-тан аса жігіт бітіріп, әскери билет алу үшін жолдама алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT