+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Биыл Петропавлда жеке сектордағы 600 үй сүріледі

2020 жылғы 22 қазан 03:00
Бөлісіңіз:
Биыл Петропавлда жеке сектордағы 600 үй сүріледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Жаңа қала» жобасы аясында жеке сектордағы шаһардың сыйқын бұзып тұрған үйлер сырылып, орнына жаңа нысандар салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Владислав Лукиннің айтуынша, 2016 жылдан бері Петропавлдағы жеке секторда 1 мың тұрғын үй сүрілген. Олардың иелеріне заң бойынша басқа баспана беріледі немесе үйінің бағасына сай төлемақы жасалады.

«Кей тұрғындар ескі үйін бұзуға келісімін бірден бермейді. Сол себепті түсіндіру жұмысын жүргіземіз. Заңгер, қоғам белсенділері және қалалық әкімдік қызметкерлерінен тұратын арнайы жұмыс тобы бар. Әр тұрғынға келісімнің пайдалы жақтарын түсіндіреміз. Бұзылып жатқан үйлердің 99% - тозығы жеткен, апатты жағдайда тұрған баспана. Оның иелері ұтылмайды, орнына жаңа үй алады», - дейді Владислав Лукин.

Биыл Петропавлда 320 жер учаскесі мемлекет қажеттілігі үшін алынды. Мәселен Ш.Уәлиханов көшесі бойында 9 қабатты 7 тұрғын үйдің құрылысы басталды.

«СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың бастамасымен «Жаңа қала» жобасы жүзеге асып жатыр. Нәтижесінде Петропавл танымастай өзгеріп, шағын және тұруға қолайлы қала болуы керек. Ескі үйлер бұзылып, қала көркейеді, екіншіден жаңадан алысқа инфрақұрылым тартудың қажеті болмайды, шығын азаяды. Қазір «Копай» ықшам ауданында салынуы тиіс 2700 пәтерлі баспананың жобасы әзірленіп жатыр. Мұнымен астаналық компания айналысуда. Осы жоспар дайын болғаннан соң, қалалық мәслихаттың талқылауына түседі», - дейді қала әкімінің орынбасары.

Биыл жыл соңына дейін Петропавлда жеке сектордағы 600 үйді сүру жоспарланған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT