Биыл Петропавлда үш ауысыммен оқу проблемасы түбегейлі шешіледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Биыл Петропавл мектептерінде үш ауысыммен оқу түйіткілі шешіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір облыс орталығында 40-қа жуық мектеп болса, соның үшеуінде балалар үш ауысыммен оқиды. Биыл бұл мәселе шешімін таппақ. Шаһарда 1500 балаға арналған екі білім ордасы жаңа оқу жылына дейін тапсырылмақ. Екеуі де қазақ мектебі. «Жасөркен» ауданында 900 орындық болса, екіншісі - 600 орындық мектеп «Береке» ықшам ауданында ашылады.

«Соңғы 12 жыл бойы облыста мектеп салынбаған. Биыл екі қазақ мектебі пайдалануға беріледі. Тағы біреуінің жақында құрылысы басталады. Нысанға жер бөлінді, қазір құжаттары әзірленіп жатыр», - дейді СҚО білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова.

Жалпы облыста қазір 5 мектепте балалар үш ауысым бойынша сабақ оқуда. Тайынша және Бескөл елді мекендерінде білім ордасына қажеттілік бар. Биыл 3 мыңнан астам түлек мектеп бітірсе, 1 қыркүйек күні 9 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттайды. Мамандардың айтуынша, соңғы 2-3 жылда облыста 1-сыныпқа баратын балалардың саны үш есе артып отыр.

Соңғы жаңалықтар