Биыл пайдаланылмай жатқан 87 мың гектар жерді қайтардық - БҚО әкімі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Батыс Қазақстан облысында пайдаланылмай жатқан 87 мың гектар жер қайтарылды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің облысқа келер болсақ, 503 мың гектар жер пайдаланылмай жатыр деген мәлімет бар. Осыған байланысты бүгінгі таңда 220 мың гектар жерді кері қайтардық. Қалған пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бағытындағы жұмысты жалғастырамыз. Биылдың өзінде пайдаланылмай жатқан 300 мың гектардай жердің 87 мың гектарын қайтарып алдық. Бұл жұмыс арықарай жүргізіледі», - деді Нариман Төреғалиев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, шаруашылықтардан пайдаланылмай жатқан жерді алып қою басты мақсат емес. Қайта олардың сол жерді игеруге мүмкіндік жасауға баса мән беріледі. Түсіндіру жұмыстары мен мемлекеттің нақты қолдауының арқасында қазірдің өзінде шаруа қожалықтары 103 мың гектар жерді игере бастады.


Соңғы жаңалықтар