Биыл Павлодар облысында16,8 млн түп ағаш отырғызылған

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Биыл Павлодар облысында 3,2 мың гектар алқапқа 16,8 млн түп ағаштар отырғызылды. Бұл туралы аталған өңір тұрғындарымен кездескен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта республиканың ормандылығы 5 пайызды құрайды. Мақсат - 2030 жылға қарай көрсеткішті 5,3 пайызға дейін жеткізу. Президенттің бастамасымен өткен жылы біз 5 жыл ішінде 2 млрд ағаш отырғызуды бастадық. 2022 жылдың жоспары толық орындалды. Биыл Павлодар облысында 3,2 мың гектар алқапқа 16,8 млн дана ағаш отырғызылды.

Сондай-ақ, көгалдандыруға аймақтағы ірі кәсіпорындар қатысуда. Олар облыс аумағында 40 мыңнан астам ағаштар мен бұталарды отырғызды. Алдағы 4 жылда Павлодардағы «Қазақстан алюминий» және «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлік қоғамдары 100 мыңға жуық көшет отырғызуға ниетті», - деп тоқталды министр.

Серікқали Брекешевтің дерегінше, елімізде ауаға бөлінетін зиянды қалдықтардың 30 пайызы Павлодар облысына тиесілі. Ал Екібастұз қаласындағы кәріз тазарту құрылғыларының 85 пайызы тозған.


Соңғы жаңалықтар