Биыл Парламент сессиясы барысында экономикалық ықпалдастыққа қатысты 17 құжат қабылданды – Сенат Төрағасы

None
None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Биыл Парламент сессиясы барысында экономикалық ықпалдастыққа қатысты 17 құжат қабылданды.

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысынан соң журналистермен болған брифингте Сенат Төрағасы Қайрат Мәми осылай мәлім етті. Спикердің айтуынша, ағымдағы сессияның басты ерекшелігі - Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясын дамытуды заңнамалық қамту, екінші жағынан Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы ықпалдастық. Соған орай, сессия барысында экономикалық интеграция қызметіне қатысты 17 құжат ратификацияланды. «Жалпы интеграция бойынша көпжақты парламенттік деңгейде жұмыстар да атқарылып жатқанын еске салғым келеді. Бұл ретте парламентаралық ассамблеялар аясындағы интеграциялық үдерістерді үйлестіруде пайдалы жұмыстар іске асты. Мәселен, ЕурАзЭҚ Парламенттік Ассамблеясы құрылғаннан бастап біз 80-нен астам үлгілік кодекстерді қабылдадық. Мүше мемлекеттердің парламенттері заң шығармашылығы жұмысындағы басым жағдайда осы үлгілік құжаттарды басшылыққа алып келеді», - деді Қ. Мәми. Бұдан бөлек, спикер Ресей мен Беларусь тарапынан да парламентшілер экономикалық ықпалдастық аясындағы заңнамалардың үйлесімді болуын қадағалап отырғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар