Биыл пара алған қанша шенеунік жазаланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 11 айда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 2 432 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Оның 1 778-і немесе 73 пайызы сыйбайлас жемқорлыққа қатысты. Олардың жартысынан көбі, яғни 56 пайызы парақорлық (1 778-дің 997-сі), ал 45 пайызы жымқыру фактілері», - деді Ж. Бастарова.

Оның сөзіне қарағанда, жалпы сыбайлас жемқорлық үшін 1 096 лауазымды қызметкер жауапкершілікке тартылуда. Соның арасында жиырмасы республикалық деңгейдегі басшылар, 83-і облыстық және 134-і қалалық әрі аудандық деңгейдегі басшылар.

Соңғы жаңалықтар